Павлодар облысында «Қамқорлық» көктемгі қайырымдылық акциясы басталды

Аз қамтылған және көмекке мұқтаж отбасыларға көмек көрсетілмек, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, қайырымдылық акцияның шеңберінде бюджет қаражаты, ұйымдардың, кәсіпорындардың, үкіметтік емес сектордың қайырымдылық және демеушілік көмегі және жеке қайырмалдықтар есебінен мұқтаж азаматтар үшін әлеуметтік қолдаудың әртүрлі түрлері көрсетіледі.
– Осы мақсатта қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері халықтың әлеуметтік осал санаттарына (мүгедектігі бар адамдар, көп балалы және аз қамтылған отбасылар, жалғызбасты және жалғыз тұратын азаматтар, зейнеткерлер және т.б.) жан-жақты қолдау көрсету үшін меценаттар мен қайырымдылық жасаушыларды тарту бойынша жұмыс жүргізуде, – деді басқармада.
Акция аясында 15 мыңнан астам адамды қамқорлық пен назармен қамту жоспарлануда.