Павлодар мектептерінде директорлар кабинеттеріне бейнекамералар орнату ұсынылды
Бұл идеяны аймақтық балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Сауле Шакенова педагогтар және оқу орындарының басшыларымен кездесуде ұсынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Омбудсменнің пікірінше, шешімдер қабылданатын және ата-аналармен әңгімелер өтетін кабинеттерде, мейлі ол мектеп болсын немесе балабақша болсын, бейнежазба жасайтын камералар қажет.
– Мектеп директорлары мен балабақша меңгерушілерінің көбі бұл ұсынысқа қарсы болды. Бұл мені таңғалдырды. Менің ойымша, жанжалдар, шағымдар және қарым-қатынасты анықтау сияқты жағдайлар өтетін кабинеттерде камера үнемі жұмыс істеуі керек. Әркімнің өз шындығы бар, бірақ шындықты бейтарап жазба ғана көрсете алады, – деді Сауле Шакенова.
Еске сала кетейік, жақында Екібастұз қаласындағы жеке балабақшалардың бірінде тәрбиеші баланы тыныш сағат кезінде қатігездікпен ұстағаны анықталған. Қазір полиция тергеу жүргізуде.