19 тамызда Павлодарда мектеп тауарлары төмен бағамен сатылады
«Мектепке жол» республикалық акциясы аясында 19 тамызда мектеп жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
Павлодар қаласы білім беру бөлімінің мәліметінше, кәсіпкерлер мектеп тауарларын төмендетілген бағамен сатады.
Өтетін орны: М. Катаев атындағы оқушылар сарайы.
Уақыты: сағат 10.00-де.
Жәрмеңкеге мектеп өнімдерін сататын 23 кәсіпкер қатысады. Қала тұрғындары мектеп оқушыларына мектеп формасы, кеңсе керек-жарақтары және тағы басқа қажетті заттарды сатып ала алады.
Айта кетейік, білім бөлімінде балаларды мектепке дайындау мәселелеріне қатысты ата-аналар 30-14-97, 30-14-91 телефон нөмірлері бойынша жедел желіге хабарласа алады.