Павлодар облысында бұршақ пен дауыл күтіледі
Синоптиктер тұрғындарды сақ болуға шақырды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 маусым күні өңірдің батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ түсіп, дауыл болуы мүмкін.
Жел оңтүстік-батыстан және батыстан соғады. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында оның екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Павлодар қаласында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні секундына 18 метр болады.
Сонымен қатар облыс аумағында жоғары өрт қаупі сақталады. Ал өңірдің батысы мен оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі деңгейі сақталып отыр.