Павлодарда бір үйдің тұрғындары келесі аптаны сусыз бастайды

Жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодар-Водоканал» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, аталмыш жұмыстарды 10 ақпан күні «ARLAN TRADE_PV» ЖШС Желтоқсан көшесі, 7/1 бойынша жүргізеді.
Осыған байланысты, сағат 9:00-ден бастап жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін Қайырбаев көшесі, 72 бойынша сумен жабдықтау уақытша тоқтатылады.