Павлодарда бірқатар көшелерде су уақытша өшіріледі

Павлодарда бірқатар көшелерде су уақытша өшіріледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Су құбырын ауыстыру жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Павлодар-Водоканал» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 мамыр күні сағат 9:00-ден 21:00-ге дейін Рылеев көшесі, 23 мекенжайында жоспарланған жұмыстарға байланысты келесі мекенжайларда су болмайды:

  • Рылеев көшесі, 15, 19, 21, 23;
  • Рылеев көшесіндегі Ш. Уәлиханов көшесінен Қостанайская көшесіне дейінгі жеке үйлер;
  • Чапаев көшесіндегі Рылеев көшесінен Амангелді көшесіне дейінгі жеке үйлер;
  • И. Байзақов көшесіндегі Рылеев көшесінен Амангелді көшесіне дейінгі жеке үйлер.

Мамандар уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, тұрғындарға алдын ала су қорын жинап қоюды ұсынады.