29 наурызда Павлодар облысында күн ашық, әрі жылы болады

Желдің жылдамдығы секундына 2-7 метрді құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, облыста күндіз ауа температурасы +7...+12°С, түнде 0…-5°C болады. Жауын-шашын күтілмейді.
Павлодарда сынап бағанасы түнде -3...-5°C, күндіз +10...+12°C көрсетеді. Күн ашық, жауын-шашынсыз болады.