ҚР бас прокуроры: «Павлодарда кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс өсті»

ҚР бас прокуроры: «Павлодарда кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс өсті»
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл туралы Берік Асылов «Х» сайтында жазды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Еліміздің бас прокуроры жазғандай, ол «Заң мен Тәртіп» қағидасын жүзеге асыру бойынша кеңес өткізді. Берік Асылов статистикалық мәліметтеріне талдау жасап, Павлодарда кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс көбейгенін мәлім етті. Прокурор Павлодармен қатар батыстағы Ақтөбе және Атырау қалаларын да атап өтті.

– Қоғамдық орындардағы қауіпсіздікке назар аударуды мен буллингке қарсы бағдарламалардың тиімділігін зерделеуді тапсырдым. Қауіпті аймақтарды бейнекамералар мен жарықтандырумен жабдықтап, патрульдеу жұмыстарын күшейту қажет. Азаматтар сөзбен емес, іс жүзінде өзіндерінің қорғалатының сезінуі керек, – деді  Берік Асылов.

Сондай-ақ, бас прокурор облыстардың криминологиялық паспорттарын жасауды және уәкілетті органдармен бірлесіп, мектептерде құқық мәдениетін көтеруді үйлестіруді тапсырды.