Екібастұзда жылу магистралі орналасқан жерлерде сақ болу жайлы ескертілді
Себебі, бірінші жылу магистралінің беріктігі мен тығыздығына гидравликалық сынақтар жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Екібастұз қаласы әкімдігінің мәліметінше, жүргізілген қайта құру жұмыстары шеңберінде №1 жылу магистралінің тұтастығы қамтамасыз етілді. Осыған байланысты 17 қыркүйекте бірінші жылу магистралінің беріктігі мен тығыздығына гидравликалық сынақтар жүргізіледі.
– Осы кезеңде жылу магистралі мен жылу камералары орналасқан жерлерде сақ болуды өтінеміз, – деді әкімдікте. – Гидравликалық сынақтар жүргізу кезінде анықталған барлық ескертулер бойынша 8(7187) 28-09-01, 8(7187) 34-71-05 нөмірлері бойынша жылу желілерінің диспетчерлік қызметіне қоңырау шалуға болады.
Айта кетейік, абаттандыруды қалпына келтіру жұмыстары сынақтар өткізілгеннен кейін жоспарланатын болады.