Екібастұздықтар Ақкөл ауылының мерейтойына тегін автобустармен жете алады

Екібастұздықтар Ақкөл ауылының мерейтойына тегін автобустармен жете алады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Автобустар қала әкімдігі алдынан қозғалады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі ұсынған мәліметке сәйкес, 3 тамыз күні Ақкөл ауылында елді мекеннің 90 жылдық мерейтойы аталып өтеді. Ауыл тарихындағы айтулы күнге орай Екібастұз қаласынан тегін үш автобус ұйымдастырылады.

Автобустар 3 тамыз күні таңғы сағат 8:00-де Екібастұз қаласы әкімдігінің алдынан (Мәшһүр Жүсіп көшесі, 45) жолға шығады. Қалаға қайту уақыты – сағат 16:00.

Еске сала кетейік, мерейтой аясында ұлттық ат спорты ойындары өтеді. Бас бәйгеге автокөлік, мотоцикл, скутер, электромобиль және қомақты қаржылай жүлделер тігіледі. Сондай-ақ концерттік бағдарламада Қуандық Рахым, Мәдина Сәдуақасова сынды жұлдыздар мен өнер ұжымдары өнер көрсетеді.