Ақтоғайлықтар интернет сапасына шағымдануда
Тұрақсыз байланыс ауыл мектебінің оқушыларын оқытуды ұйымдастыруда қиындықтар туғызады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Әуелбек ауылында тұрғындардың «AMANAT» партиясы мен жергілікті билік органдарының өкілдерімен кездесуі өтті Партияның мобильді қоғамдық қабылдау бөлмесі ауыл тұрғындарының мәселелерін тыңдап, оларды шешуге көмектесу мақсатында көшпелі іс-шара өткізді.
Талқылаудың негізгі тақырыбы жергілікті пошта бөлімшесінің жабылуы туралы мәселе болды.
– Бізде 200-ден астам зейнеткер тұрады. Оларға қалаға бару қиын, олар пошта мен зейнетақы төлемдерін осы жерден алады. Біз бұл жағдайды түпкілікті шешуді сұраймыз, – деді жергілікті тұрғын Мағауия Рахымов.
Сонымен қатар, тұрғындар интернет сапасы туралы мәселені көтерді. Өйткені, тұрақсыз байланыс мектеп оқушылары үшін қиындық туғызады.
Облыстық мәслихат депутаты Қалауиден Ибрагимов қоғамдық қабылдау жұмысы барысында айтылған басқа да өзекті мәселелер туралы айтты.
– Бүгінгі таңда негізгі мәселелер су деңгейі көтерілетін Ертіс өзенінің жайылмасымен байланысты. Адамдар шөп шабу проблемалары туындауы мүмкін деп алаңдайды. Бұл мәселелер облыс басшылығы мен облыстық мәслихаттың бақылауында, – деді депутат.
«AMANAT» партиясының республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің консультанты Әсел Қожахметова қоғамдық қабылдау бөлмесіне келіп түсетін барлық мәселелер жергілікті атқарушы органдарға, әкімдіктерге жіберіледі және де қажет болған жағдайда республикалық деңгейде қаралатынын атап өтті.
Қазіргі проблемаларға қарамастан, ауылда оң өзгерістер байқалады. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының арқасында Әуелбек ауылында 6,8 шақырым асфальт төселді. Сонымен қатар, мәдениет үйі, орталықтандырылған су құбыры салынды. Кафе ашылып, жақында мешіт жөнделді, жағажай қалпына келтірілді.