Екібастұздық энергетиктер әулеті елдігі үздіктердің қатарына енді
Олардың еңбек өтілі бір ғасырдан асады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. тілшісі.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде «Еңбек жолы» атты республикалық байқауының қорытындысы шығарылды. Ұйымдастырушылар Қазақстандағы үздік еңбек әулеттері мен өндіріс қызметкерлерін анықтады. Байқауды жастарды еңбекке құрметпен қарауға, сондай-ақ еңбек дәстүрлерін сақтауға және арттыру мақсатында өткізді.
Отбасылар алдымен аймақтық іріктеуден өтті, содан кейін республикалық үш номинация бойынша: «Үздік еңбек әулеті», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» және «Өндірістің үздік жас қызметкері».
Павлодар облысында өңірлік кезеңде жеңіске жеткен отбасылар Астанаға жіберілді. Олардың бірі– Сейтжановар отбасы. Олардың еңбек өтілі 175 жылдан асады. Сейтжановтар әулеті Екібастұз МАЭС-2 станциясында жұмыс істейді.
–Сейтжановтар отбасындағы бір кәсіпорынға отбасылық адалдық норма болып қалыптасқандай, –деді облыстық еңбек басқармасының басшысы. –Отбасының әрбір мүшесі өзінің барлық білімі мен дағдыларын сүйікті кәсіпорынға берді. Аға буындары бастаған жолды балалары қуып, күні бүгінге дейін жалғастыруда.
Сейтжановтар бірлеске жұмысты жақсы атқарады, әрбір тапсырмаға жауапкершілікпен қарайды және өз кәсіпорнының қоғамдық өміріне белсенді қатысады.
Бұл қасиеттер республикалық байқауда бағаланып, екібастұздықтарға «Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша үшінші орын берілді.