Ақтоғайда егін жинау жұмыстары 70 пайызға орындалды
Бұл жұмыстарға техника жеткілікті түрде жұмылдыруда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыс әкімі Асайын Байханов Ақтоғай ауданына жұмыс сапарымен келіп, күзгі дала жұмыстарының барысын тексерді. Ауданда егін жинау алқабы 73 мың гектарды құрайды, оның ішінде 52 мың гектар астық дақылдары, 41 мың гектар бидай, 7 мың гектар арпа.
– Қазір 36 мыңға жуық астық жиналды – бұл 70 пайызды құрап отыр. Барлық түрінен өнімділік гектарына 10 центнер. Картоппен айналысатын негізгі төрт шаруашылығымыз бар. Орташа алғанда, гектарына 250-ден 300 центнерге дейін өнімділікті құрайды ,– деді аудан әкімі Қаршыға Арынов.
Асайын Байханов картоп бойынша өнімділіктің аз екеніне көңіл аударды. Ақтоғай ауданының әкімі оны ауа райының қолайсыз болуымен байланыстырады.
– Бір ай бойы үздіксіз жаңбыр жауды. Бұрын біз кем дегенде 300-350 мың тонна жинап жүрдік,– деді аудан әкімі.
Биыл «Ақтоғай-Агро» ЖШС басшысы Александр Терентьевтің сөзінше, астық жинауда техника барынша жұмылдырылып жатыр.
– Жалдамалы көлікті тартып алдық. Жанар-жағармай, баспана, тамақтандыру бойынша мәселе жоқ. Жұмысшыларға жалақыны көтердік. Ең бастысы, егінді уақытында алып тастау. Бүгінде 63 пайызды аяқтадық,– деді Александр Терентьев.
Келесі жылы жүгеріге 1000 гектар, жоңышқа үшін 400 гектар қалдырылады.