Павлодарлықтар қоқысты шығару үшін өтінішті кімдерге қалдыра алады?
Тазалық айлығында сегіз шағын ауданға жауапты адамдар бекітілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар қаласы әкімдігінің мәліметінше, сенбіліктер кезінде қала сегіз шағын ауданға бөлінеді. Әр аймаққа жауапты адам мен ТҮКШ, сәулет, кәсіпкерлік және тұрғын үй инспекциясы бөлімдерінің мамандары бекітіледі. Шағын аудан тұрғындары сенбілік ұйымдастыру сұрақтары бойынша жауапты адамдарға хабарласа алады.
Сондай-ақ, қоқыстарды шығару бойынша ТҮКШ бөлімінің жедел желісі жұмыс істейді. Тұрғындар жедел желі арқылы мекенжайды көрсете отырып, өтініш қалдыра алады.
Байланыс телефондары төменгі суреттерде көрсетілген: