Екібастұз ЖЭО-дағы жағдайға қатысты ресми ақпаратқа ғана сенуді сұрайды
Қазір станцияда 100-ден астам адам жұмыс істеуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Екібастұзжылуэнерго» ЖШС әлеуметтік желілерде Екібастұз ЖЭО-дағы жағдайға қатысты жарияланған теріс ақпарат пен фотосуреттерге байланысты ресми дереккөздерге ғана сенуді сұрайды.
– Қазіргі уақытта станцияның жеті қазандық агрегаты жұмыс істеп тұр, сондай-ақ резервтік отын-мазуттағы үш су жылыту қазандығы бар. Станция жеткілікті мөлшерде мазутпен қамтамасыз етілген, – дейді станцияда.
Алдағы сағаттарда сорғыны іске қосу жұмыстары аяқталған соң көмірмен су жылыту қазандықтары іске қосылады. Жылу желілеріндегі температура кесте бойынша көтеріледі.
Еске сала кетейік, сағат 01.10-да күл құбырының зақымдануы анықталып, сағат 05.30-да жойылды. Қалпына келтіру жұмыстары дереу басталды. Салдарынан сорғы су астында қалды. Екібастұз қаласы ТЖ басқармасының және ЖЭО жұмысшы персоналының күшімен су айдау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, сорғы станциясын ауыстыру және кейіннен іске қосу үшін резервтік қозғалтқыш дайындалды.