Павлодардағы орталық стадиондағы ақау қашан жойылады?

Павлодардағы орталық стадиондағы ақау қашан жойылады?
Фото: Константин Шелков

Жүгіру жолағындағы ақауды жою үшін алдымен тексеру жүргізу керек, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Жеңіл атлетика бойынша жаттықтырушы Александр Степанковский әлеуметтік желідегі парақшасында Орталық стадиондағы жолақ жабындысының жағдайына алаңдаушылық білдіріп, жазба қалдырды. Жүгіру жолағындағы ақауды вандализммен де салыстырды. Спортшы спорт нысанының жөндеуінен соң қабылдау мерзімін де атады. Себебі, сол сәтте мердігер ұйым өкілдерінің басы-қасында жүрген.

– Сол кезде Павлодардағы жүгіру жолағы елімізде үздік еді. Осындай жабынды ешбір стадионда болған жоқ. Бірақ, 2021 жылы қар тазалауға ауыр техникана пайдаланып, салдарынан жолақ жабындысында жарықтар пайда болды. Мен мамандарға жабындыны пайдалану бойынша қатаң ережелердің барын түсіндіруге тырыстым, алайда, нәтиже болмады, – деді жаттықтырушы өз жазбасында.

Сала мамандарының айтуынша, қазіргі уақытта тартан жолағындағы ақау жеңіл атлеттер мен футболшылардың жаттығуларына кедергі келтірмейді. Сонымен қатар, жарықтың пайда болу себептерін түсіндірді.

– Ақауларға климаттық жағдайлар мен механикалық әрекеттер себеп. Төмен температура салдарынан су қатып қалған. Еріген соң жабынды жарылып, пішіні өзгерді. Футбол алаңын қардан тазалайтын техника сол учаске арқылы өтіп, жолақтың сапасына кері әсерін тигізуі мүмкін деген болжам да бар,– деп түсіндірді футбол бойынша «Ертіс» олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің басшысы Жандос Ұзақов.

Жауапты органдар жаттықтырушының сынына өз пікірлерін білдірді. Дегенмен, жабындыны қалыпқа келтірмес бұрын тексеру жүргізу қажет. Жөндеу ауқымын анықтау үшін нөлден жоғары температура болуы шарт.

– Мердігер ұйым өкілдері жырақты тексеріп, жүгіру жолағының жағдайына баға беруге әзір. Нақты шешім қабылданған соң қалыпқа келтіру жұмыстарын қолға аламыз, – дейді Жандос Ұзақов.

Айта кетейік, қазіргі уақытта мамандар стадионда күрделі жөндеу жұмыстарын қолға алуға жобалық-құжаттама әзірлеу үшін техникалық тексеру жүргізген. Әзірге негізгі жоба жоқ, тек футбол алаңын ауыстыру бойынша жоспар бар.

Сарапшылардың сөзінше, стадионды пайдалану сертификациясы бес жылдық мерзімге арналған. Бірақ, бұл тек футбол алаңына қатысты болып шықты. Ал тартан жабындысын пайдалану уақыты әлдеқайда ұзақ. Десе де, жолақ жабындысы өңірдің климатына төтеп бермеуі мүмкін. Бұл мысал – соның дәлелі.