Павлодар облысының тұрғындары барлық ауыл әкімдерін өздері сайлады
Көрсеткіш 90 пайыздан асты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Достық үйінде Дүниежүзілік сайлау күніне арналған салтанатты шара өтті. Ол 2005 жылдан бастап барлық елдерде ақпан айының бірінші бейсенбісінде тойлануда. Сайлау органдарының кәсіби мерекесін сайлау жүйесінің ардагерлері, аумақтық және учаскелік комиссия мүшелері атап өтті.
– Түрлі деңгейдегі кезекті сайлаулар, сондай-ақ референдумдар қазақстандықтарға еліміздің болашағын қалыптастыруға мүмкіндік беретін стандартты тәжірибеге айналды, – деді облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Гүлнәр Аманжолова.
Мәжіліс депутаттарының сайлау жүйесі араласып, партиялардың өту межесі жеті пайыздан бес пайызға қысқартылды. Әйелдерге, жастарға және партиялық тізімдегі ерекше қажеттіліктері бар адамдарға 30 пайыздық квота Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттық мандаттарын бөлуге де қатысты.
2021 жылдың шілдесінде аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар мен кенттер әкімдеріне дауыс беру басталды. Елімізде сайланған әкімдердің үлесі 80 пайызды құрайды. Павлодар облысындағы 126 ауылдық округ басшысының 117-сі, яғни 93 пайызы жергілікті тұрғындардың даусы бойынша сайланды.
Биыл Ақтоғай, Железин және Шарбақты аудандарында әкімдер сайланды. Облыста 708 сайлау комиссиясы жұмыс істейді, оларда 4300 адам қызмет етеді. 2020 жылдан бастап олардың біразы «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен және Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясына 30 жыл толды.