Павлодар облысында «Бекет-2024» кешенді оқу-жаттығуы өтті

Павлодар облысында «Бекет-2024» кешенді оқу-жаттығуы өтті
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Аталмыш шараға қорғаныс министрінің орынбасары қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыс орталығында Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары-ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов Павлодар облысының әкімі Асаин Байхановпен бірге Қорғаныс Кеңесінің отырысына қатысып, бірқатар нысандарды аралап, ведомствоаралық оқу-жаттығудың негізгі элементтерінің пысықталуын тексерді. 

Павлодар облысы әкімдігінің Ситуациялық-талдау орталығына барған кезде Қорғаныс Министрінің Орынбасары Жергілікті атқарушы органдар мен күш құрылымдары бөлімшелерінің өзара іс-қимылының алгоритмдері мен тәртібін айқындайтын осындай оқу-жаттығуларды өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Өңір басшысы Асаин Байхановтың басшылығымен өткен қорғаныс кеңесінің отырысында оның қатысушылары «Бекет-2024»кешенді оқу-жаттығуы барысында орталық мемлекеттік органдар, күштік ведомстволар және аумақтық қорғаныс бригадасы жеке құрамының өкілдерінің іс-қимыл тәртібін егжей-тегжейлі талқылады. 

Генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов пен өңір басшысы Асаин Байханов оқу-жаттығуға қатысушылардың практикалық іс-қимылдары өткізілетін оқу орындарында болды. Олар аумақтық қорғаныс бригадасының әскери қызметшілерін хабардар ету учаскесінің, әскери міндеттілерді алдын ала жинау пунктінің жұмысын ұйымдастыруды зерттеді. Оқу-жаттығу жоспары бойынша өңір кәсіпорындары ұсынған техниканы жинау тәртібі, сондай-ақ азаматтық тұрғындарды далалық лагерьге орналастыру мәселелері пысықталды. 

Жаттығудың белсенді кезеңінде облыстың аумақтық қорғаныс бригадасының әскери қызметшілері стратегиялық маңызы бар Павлодар мұнай өңдеу зауытына жасалған шабуылды Күзету, қорғау және бейтараптандыру бойынша практикалық іс-қимылдар жүргізді. 

Естеріңізге сала кетейік, «Бекет-2024» оқу-жаттығуына орталық және атқарушы мемлекеттік органдардың, қорғаныс, төтенше жағдайлар, Ішкі істер министрліктерінің, ҰҚК және Ұлттық ұланның өкілдері, сондай-ақ жергілікті қызметтер жұмылдырылған.