Алматылық аяз: Павлодар облысында қыстың жылы болуы несімен қауіпті?
Төтенше жағдайлар департаменті су басу қауіпі бар екенін жасырмайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасының басшысы Ақылбек Баяхметов мәлім етті.
– Қатты аяз аптаның соңына қарай қайтады деп күтілуде. Жалпы биылғы қыс мезгілі екі градусқа жылы болады. Ал қардың түсуі қаңтар мен ақпан айларында болады деп болжануда, – деді ол.
Ақылбек Баяхметов соңғы кездері облыс бойынша байқалған жаңбыр мен ылғалды ауа райын алматылық жағдаймен теңестіруде.
– Осындай құрғақ аязды күндері даладағы температура 10-12 градусқа жоғары болып сезіледі. Жаңбыр жауған күндері топырақ ылғалды сіңіріп, үсіп қалды. Бүгінде орташа 50 сантиметр қалыңдықпен жер бетінде мұз қатуда, – деп атап өтті спикер.
Оның сөзінше, мұзбен қатып қалған жерге қар түсіп, көктем кезінде топыраққа сіңіп кетуге үлгермей қалған жағдайда су тасқынына әкеп соғуы мүмкін.