Павлодарда кәсіпкерлерге Ашық есік күні өтеді
Бірқатар мәселелер бойынша ақпарат ұсынылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы Павлодар қаласы кәсіпкерлерлік және ауыл шаруашылық бөлімі мәлім етті.
– Бизнес субъектілері үшін Ашық есік күні өтеді. Кездесуде Павлодар қаласы прокуратурасы өкілдерінің қатысуымен қылмыстық қудалауға, тексерулер жүргізуге және тағы да басқа бизнес пен инвесторлардың проблемалық мәселелер қарастырылады, – деп жазылған хабарламада.
Аталмыш шара 9 шілде күні сағат 15:00-де Луговая көшесі, 16 мекенжайында өтеді.