Екібастұзда тарифтерді қарау бойынша қоғамдық тыңдау өтеді
Аталмыш іс-шара 14 желтоқсанға жоспарлануда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
М. Әуезов көшесі, 147 мекенжайында орналасқан «Өнер» мәдениет сарайының кіші залында 14 желтоқсат күні сағат 11:00-де «Экибасжылуэнерго» ЖШС тарифтерінінің жобаларын қарау бойынша қоғамдық тыңдау өтеді.
Аталмыш қоғамдық тыңдауды әлеуметтік желіде тікелей эфирден де көруге мүмкіндік бар. Тікелей эфир Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің ресми парақшасында өтеді.
Айта кету керек, қоғамдық тыңдауға қатысу үшін 13 желтоқсанға дейін кандидатураңызды dkrempvl@mail.ru электронды мекенжайына жіберу қажет.