Екібастұздықтарға жылу ақысына 70 пайыз жеңілдік жасалады

Екібастұздықтарға жылу ақысына 70 пайыз жеңілдік жасалады
Фото: Константин Шелков

Тұрғындар төлемнің 30 пайызын ғана төлейтін болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Павлодарэнерго» АҚ бас директоры Вадим Лесин мәлім етті. 

– Қаңтар айының жылу ақысын төлеу алгоритмі әзірленді. Ол облыс, қала басшылығымен келісілген. Жылудың жеткіліксіз жеткізілуіне байланысты қала тұрғындарынан төлемнің 30 пайызы ғана алынады. Қалған 70 пайызына жеңілдік жасайды, – дейді Вадим Лесин.

Еске сала кетейік, кеншілер қаласында жөндеуге жататын  346 пәтер анықталған.  «Лидер Декор»  ЖШС-мен 252 пәтер  жөндеу үшін шарт жасалды. 150 пәтерде жөндеу аяқталды, ал 43 пәтерде жөндеу жұмыстары жалғасуда.