Павлодар облысында әскери жиындар басталды

Павлодар облысында әскери жиындар басталды
Фото: Константин Шелков

Департамент запастағы қызметкерлерді әскери дайындыққа шақырды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық қорғаныс істер бөлімінің басшысы, майор Ерман Иманғалиевтың айтуынша, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 2023 оқу жылына арналған негізгі іс-шаралар жоспарын орындау, сондай-ақ Павлодар облысы әкімдігінің қаулысын іске асыру мақсатында офицерлер, сержанттар және запастағы сарбаздар әскери қызметке шақырылады. Әскери білімді жетілдіру үшін әскери дайындық өткізілді. Әскерилерді азық-түлікпен және киіммен қамтамасыз ету жергілікті атқарушы органның қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

–  «Цифрлық жергілікті әскери басқару» жобасы арқылы басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен ықпалдасу аясында әскери қызметкерледі зерделеу және қатаң іріктеу өтті, – дейді Ерман Иманғалиев.

Оқыту кезеңінде әскери қызметкерлердің жұмыс орны, лауазымы және жалақысы сақталады. Әскери оқуды аяқтағаннан кейін оң мінездеме алған әскери қызметкерлерге кезекті әскери атақ беріледі.