Павлодарда уақытша автокөлік қозғалысы шектеледі
Осыған байланысты қоғамдық көлік қозғалысының кестелері өзгеруі мүмкін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәліметінше, 2024 жылдың 20 шілдесінде сағат 06:00-ден 11:00-ге дейін QALA RUN марафонын өткізуге байланысты Ак. Сәтбаев, Н. Назарбаев даңғылы, Ак. Шөкин, Торайғыров, Айманов, Баян батыр және тағы басқа (жүгіру сызбалары қоса беріледі) көшелері бойынша автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі.
Еске сала кетейік, 20 шілде күні теміржол вокзалынан ат спорты түрлері бойынша қалалық турнир өтетін «Құлагер» ипподромына автобуспен жүру тегін болады.