Асайын Байханов бала кезінде анасын қалай қуантқанын еске алды

Асайын Байханов бала кезінде анасын қалай қуантқанын еске алды
Фото: pixabay.com/ angelinaelv

Облыс әкімі еңбек ардагерлерін мерекемен құттықтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Олар Екібастұз қаласында тұрады.

Аймақ басшысы еңбек ардагерлері Маруаш Жолтанқызы мен Ольга Михайловнаны 8 наурыз мерекесімен құттықтады.

–  Олардың өмір жолы - мамандыққа деген адалдықтың, отбасыға ұйытқы болып, жауапкершілікпен қараудың мысалы. Көптеген жылдар бойы табысты еңбек ете отырып, бала тәрбиесін ешқашан ұмытқан емес. Біздің облысымыз еліміздің осындай азаматтарына бай екендігін мақтан тұтамын, – деп жазды аймақ басшысы Instagram парақшасында.

Әкімнің өз отбасы да кеншілер қаласында тұрады. Асайын Байханов бала кезінде анасына қағаздан жасалған гүл шоқтарын сыйлаған сәттегі анасының қуанғанын еске алды.

–   Мен үшін көктемнің осынау көрікті мерекесі – ең алдымен аналар күні. Еңбек сабағында өз қолыммен анама жасаған сыйлығымды, желімделген қағаз қызғалдақты үйге әкеліп, оны анама бергенімде оның қатты қуанғаны есіме түсті. Анамның көз алдында мен әлі де баламын, – деді аймақ басшысы.

Барша аналарға мықты денсаулық, махаббат пен ұзақ ғұмыр тіледі.