Павлодарлық профессор аудан әкімдерін сайлаудағы маңыздылықты айтып берді
Сарапшы сайлау үрдісінің демократиялық реформалардың жаңа кезеңіне жол тартады деген пікірде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz
5 қарашада Қазақстанда аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің алғашқы тікелей сайлауы өтуде. Қазақстанның 17 облысында 45 аудан мен қаланың азаматтары, оның ішінде Павлодар облысының үш ауданында: Ақтоғай, Железин және Шарбақты аудандарында өз кандидаттарын таңдау үстінде.
– 5 қарашадағы сайлау – пилоттық түрінде енгізілді, еліміздің барлық аудандарында өтпейді. Бірақ 2024 жылы аудан әкімдерінің сайлауы барлық жерде өтетінін ескерсек, осы жексенбіде қолданыстағы сайлау процесін бағалау, кандидаттардың да, сайлаушылардың да саяси белсенділігін талдау үшін өте маңызды саяси процестер өтеді,– деді «Торайғыров университеті» КЕАҚ Әлеуметтік-саяси зерттеулер институтының директоры, саяси ғылымдардың кандидаты, профессор Ильдар Қалиев.
Ол Қазақстан халқына Жолдауында Республика Президенттің ауыл әкімдерінің тікелей сайлануын енгізу саяси реформалардың түбегейлі сәті мен ел өркендеуінің берік негізі жайлы айтқан сөздерін еске салды. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл шешім ауыл тұрғындарының, яғни қазақстандықтардың 40 %-дан астамының мүдделерін тікелей қозғайды деп атап өткен еді.
– Аудандық әкімдік – бұл барлық мемлекеттік аппараттың тірегі және негізгі буыны екенін атап өтуге болады. Сонымен қатар, азаматтар сайланған әкімдердің салыстырмалы саяси дербестігін болжайтын ауданда атқарушы билікті өз бетінше сайлағаннан кейін, бұл өңірлерде Мемлекет басшысы жариялаған салық және бюджет саясатын орталықсыздандыру есебінен экономикалық дербестік пайда болады,– деді Ильдар Қалиев.
Оның сөзінше, аудан әкімі – бұл әкімшілік-аумақтық бірліктерді дамыту бойынша неғұрлым дербес және жауапты орган болуға арналған ағымдағы жағдайдағы мемлекеттік биліктің айтарлықтай елеулі деңгейі.
Еске сала кетейік, таңғы сағат жетіден бастап үш ауданда 87 сайлау учаскелері ашылды. Отыз мыңнан астам ауыл тұрғыны өз дауыстарын беретін болады.