Павлодарлық түлектер мерейтойға орай аллея отырғызды
Жарты ғасыр ішінде мектептен 2 мыңнан астам түлек шыққан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы мектеп өзінің 55 жылдық мерейтойын атап өтуде. 1968 жылы құрылған білім ордасы 1500 оқушыдан тұратын № 28 мектеп болды. Алғаш рет Геннадий Леваев басшылық еткен. Бүгінге дейін оқу орнынан екі мыңнан астам оқушы түлеп ұшқан.
Қазіргі уақытта мектептің заманауи оқу-материалдық базасы нығайтылған. 2021 жылы ғимаратқа кешенді жарақтандыруды, экстерьер мен интерьердің бірыңғай стандартын, көріктендіруді, іргелес аумақтарды, мектеп логотипін, «Заманауи мектеп» облыстық жобасы шеңберінде құрылыс материалдары мен жиһаздардың сапасын қамтитын толық күрделі жөндеу жүргізілді. Білім алушылар контингенті 1287 оқушыны құрайды.
Мерейтойға орай мектепте салтанатты концерттер, конференциялар, фестивальдар, акциялар өтеді. 2024 жылғы мектеп түлектері оқу орнының тарихына үлес қосу үшін 55 ағаш аллеясын салды.
– Осы кезең еңбекке, естеліктерге, жағымды сәттерге толы. Біздің түлектер осындай аллея ортығызып жатқаны - өте қуантарлық жайт. Бұл көшеттер біздің мектеп сияқты 55 жыл бойы өркендейтініне сенімдімін, – дейді 11-сынып оқушысы Александр Линнов.
Көптеген жылдар бойы мектепте өзіндік дәстүрлер қалыптасып, білім беру процесі жетілдірілуде. Мектепте алғашқылардың бірі болып «Балабақша - мектеп - колледж - ЖОО - кәсіпорын» кәсіптік-бағдарлау жобасы әзірленді, бейінді лицей сыныптары ашылды. 2024 жылы осы жоба шеңберінде төрт жақты меморандум жасалып, тараптардың өзара ынтымақтастық, оқушыларды, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерін қолдау негізінде бірлескен жұмысын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.