Павлодарда көктем көріністері көрмеге қойылды

Нағымбек Нұрмұхаммедов атындағы Павлодар облыстық көркемсурет музейінде Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамына орай «Көктемгі шабыт» көрмесі ашылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
8 наурыз – жылдың ең аяулы, жарқын әрі ізгі күні болса, Наурыз мейрамы – табиғат жаңарып, күн мен түн теңелетін, Ұлыстың ұлы күні. Көрмеде ұсынылған суретшілердің туындылары аталмыш мерекелерге орай көктемнің жаңа тынысын, жарқын түстер мен реңктерге бай шығармашылығын паш етеді.
Экспозицияда ұрпақ сабақтастығы аясында көктемнің нәзік лебі көрініс тапқан талантты қылқалам шеберлерінің кескіндеме бағытындағы туындылары ұсынылған. Көрме туындылары кәсіби шеберліктің жоғары деңгейін, дәстүр сабақтастығы мен мәдени құндылықтарға деген жаңа көзқарасты дәріптейді.
Аталмыш көрме Павлодар өңірінің бай көркем мұрасын кең ауқымда танылуына мүмкіндік бере отырып, бейнелеу өнерінің дәстүрлерін сақталуы мен дамуына үлес қоспақ. Көктемнің жайма-шуақ күні іспетті нәзіктік пен жылулыққа толы туындылар табиғаттың жаңаруын, сұлулық пен пен көркем көріністерді сезіндіреді.