Павлодар облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жол жабылды

Павлодар облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жол жабылды
Фото: Константин Шелков

Полиция департаменті тұрғындарды абай болуға шақырады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

- Сағат 17-00-де Павлодар қаласы-Актоғай–Ертіс ауылынан Ресей шекарасына дейін жол жабық, – деп хабарлады облыстық ПД мамандары.

«Қазгидромет» РМК–ның мәліметіне сәйкес, 11 ақпанда аспан бұлтты, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. Сонымен қатар бұрұасын соғып, жолдарда көктайғақ пайда болуы ықтимал. Жел оңтүстік-батыстан соғып, жылдамдығы секундына 15–20 метрге, кей жерлерде екпіні секундына 23–28 метрге дейін жетеді.

Күндіз ауа температурасы –5–7 °C деңгейінде сақталып, одан әрі төмендейді. Ауа райы бұлтты, жауын-шашын жалғасады. Қар аралас жаңбыр, бұрқасын және көктайғақ жағдайды қиындатады.