Павлодарда фастфуд дүңгіршегіндегі өрт бірнеше минут ішінде ауыздықталды
Жеке тұрған бірқабатты нысанды қызыл жалын шарпыды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт туралы хабарлама 11:11-де «101» пультіне түсті.
- Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері шұғыл жетті. Өрт сөндірушілердің үйлесімді және жедел әрекеттерінің арқасында өрт сағат 11:43-те толығымен жойылды. Өрттің ауданы шамамен 20 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда, - деп хабарлады баспасөз қызметінен.
Мамандар электр жабдықтары мен ас үй техникасын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтап, қосылған электр құралдарын қараусыз қалдырмауды ескертеді. Сонымен қатар, электр сымдарының жарамдылығын үнемі тексеріп, тек сертификатталған электр құрылғыларын қолдану қажеттілігін еске салады.