Ақсу күні мен металлург күні қалай тойланады?

Ақсу күні мен металлург күні қалай тойланады?
Фото: pexels.com / Jonathan Borba

Кештің соңы от шашумен аяқталады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 шілде сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін Сәбит Дөнентаев атындағы мәдениет сарайында Ақсу ферроқорытпа зауытының ардагерлеріне арналған мерекелік концерт өтеді. Кәсіпорын қызметкерлерін қала әкімі Нұрлан Дүйсенбинов, зауыт директоры және кәсіподақ комитетінің төрағасы құттықтайды. 

19 шілде күні қос мерекені тойлау қалалық мәдениет және демалыс саябағында сағат 14:00-де басталады. Флешмоб және аниматорлармен қызықты конкурстар болады. Сағат 16:30-да ұлттық спорт ойындары жоспарланған. Сағат 18:30-да қала тұрғындары мен қонақтары «Роял бит» барабаншылар шоуы, эстрада жұлдыздары Luina, Kalifarnia, Argoniya, сонымен қатар ферроқорытпа зауыты мен мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдары өнер көрсететін мерекелік концертті тамашалайды. 

Мереке би кеші және от шашумен аяқталады.