«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетті

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Биыл Ауғанстаннан әскерлердің шығарылғанына 36 жыл толды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Компанияда интернационалист-жауынгер энергетиктер жұмыс істейді. Олардың әскердегі қызметі Ауғанстандағы қақтығыс кезеңіне түскен.

Электр станцияларының электр жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі электр монтері Андрей Бойко – 30 жылдан астам тәжірибесі бар энергетик. Ол өмірінің 22 жылын 3-ЖЭО-дағы жұмысына арнаған. Өзінің жауынгерлік өткені туралы компания басшылығымен кездесуде әңгімелеп берді.

– Қатардағы жауынгер бола тұра, Андрей Андреевич прапорщик қызметін атқарған. Борышын шекара әскерлерінде өтеп, арнайы жасақ құрамында қауіпсіз дәліздер құру тапсырмасын орындаған. Әскери қызметі барысында алған көптеген медальдары бар, – деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Әскерлер шығарылғаннан кейін оған қарулы күштер қатарында қызметін жалғастыру ұсынылды, бірақ ол азаматтық өмірге оралып, энергетика саласын таңдады.

– 22 жыл бұрын мен «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ 3-ЖЭО электр цехына жұмысқа орналастым. Қазір электр станцияларының электр жабдықтарына қызмет көрсетуші электр монтері болып жұмыс істеймін. Мансаптық өсу мүмкіндіктері болды, бірақ мен өзіме жақсы таныс жұмысты жалғастыруды жөн көрдім. Маған энергетиктердің жас буынын оқыту ұнайды, олар өздері де келіп, үйретуді, көрсетуді сұрайды, – дейді Андрей Бойко.

«ПЭТК» АҚ-да тағы үш интернационалист-жауынгер – Успен ЭЖА электр беру әуе желілерін жөндеу жөніндегі электр монтері Олег Заугаров, Баянауыл ЭЖА электр беру әуе желілерін жөндеу жөніндегі электр монтері Ерсін Шалабаев, Шарбақты ЭЖА тарату желілері қызметінің шебері Валерий Москалюк еңбек етеді.

Компания олардың әрқайсысына күрделі қызметі мен жауапты еңбегі үшін алғыс білдіреді.