Павлодарлық полицейлер сарбаздармен нашақорлықтың алдын алу мәселесін талқылады
Дәріс екі әскери бөлімшесінің қызметкерлеріне арнап өткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және криминалдық полиция бөлімшелерінің қызметкерлері ҚР Ұлттық ұланының 5512 және 6679 әскери бөлімдерінің әскери қызметшілерімен кездесті. Бүгінгі таңда қоғамдағы нашақорлықтың өзекті мәселесі жұмыс кездесуіне себеп болды. Алдын алу мәселелері, есірткі құралдарының заңсыз айналымы саласындағы құқыққа қарсы іс-қимылдардың жолын кесу шаралары талқыланды, сондай-ақ аудиторияға интернет пен телефон алаяқтықтарының жаңа схемалары түсіндірілді.
Павлодар облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Ирина Темірғалиева есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл саласындағы қылмыстық заңнаманың нормалары және есірткі құралдарын сатуға байланысты қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілік туралы хабардар етті.
Павлодар қаласының ПБ тергеу бөлімінің тергеушісі Ақмарал Нұржанова интернет арқылы алаяқтық жасаудың неғұрлым кең таралған тәсілдері туралы хабарлап, азаматтарды алдаудың түрлі схемаларын қолданатын интернет-алаяқтардың әрекеттерінен өздерін қалай қорғауға болатынын ескертті.