Ақсуда алкогольді заңсыз сатқан дүкен иелерінің үстінен іс қозғалды
Материал сотқа берілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Ақсу қаласының полицейлері сауда ережелерін бұған 2 жағдйады анықтады.
Бірінші оқиға Пушкин көшесіндегі дүкенде тіркелді. Сатушы 21 жасқа толмаған тұрғынға алкоголь өнімін сатқан.Екінші факт Ленин көшесіндегі дүкенде тіркелді. Онда заңмен тыйым салынған уақытта яғни түнде алкоголь сатылды.
- Екі дүкеннің иелері қазірдің өзінде жауапқа тартылды. Жиналған барлық материалдар түпкілікті шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді. Жыл басынан бері 23 факт тоқтатылды, - деді Ақсу қаласы полиция бөлімі бастығының орынбасары Алмас Баймбет.
Тәріп сақшылары алкогольді сату ережелері тек формальдылық емес, қоғамдық қауіпсіздік мәселесі екенін еске салады. Сонымен қатар, бизнес өкілдерінің тиісті нормаларға жауапсыз қарауы қала үшін елеулі тәуекелдер туғызады. Заңды сақтау-салауатты және қауіпсіз әлеуметтік ортаны қалыптастырудың жалғыз жолы екенін атап өтті.