Ақсу ауылдық аймағындағы медпункттердің құрылысында бұзушылықтар анықталды

Ақсу ауылдық аймағындағы медпункттердің құрылысында бұзушылықтар анықталды
Фото: «AMANAT» партиясының Павлодар облыстық филиалы

«АМАNAT» партиясының мониторинг тобы құрылыс барысын тексеріп шықты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Партиялықтар Достық және Құркөл ауылдарындағы медициналық пункттер, Береке ауылындағы дәрігерлік амбулатория және Айнакөл, Үштерек ауылдарындағы фельдшерлік-акушерлік пункттер құрылыс алаңдарын аралады. Бұл учаскелердің әрқайсысы құрылыстың әртүрлі кезеңдерінде, бірақ барлық учаскелерде партия өкілдерінің айтуынша, ұқсас мәселелер мен кемшіліктер анықталған.

Облыстық білім және денсаулық сақтау кеңесінің төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Света Әбдіраманова жұмыстардың аяқталу деңгейінің төмендігіне қатты алаңдаушылық білдірді.

– Кейбір учаскелерде мердігер тек біреу ғана, және жағдай сол күйде: жұмыс аз, құрылыс алаңдарында адамдар жоқтың қасы, қауіпсіздік ережелері орындалмайды. Мердігердің жауапкершіліксіздігі анық көрінеді, учаскелерде жұмыс іс жүзінде тоқтап тұр, – деді Света Әбдіраманова.

«Қолжетімді Қазақстан» жобасының жетекшісі Александра Шаронова да мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолайсыздық тудыруы мүмкін құрылыс қателіктеріне назар аударды. 

– Пандус пен тұтқалар бойынша ескертулер бар. Тұтқалар нормативтерге сай емес: баспалдақтар тар, биіктігі сақталмаған, есік ойықтарының ені де, беткейлер орнатылғаннан кейін, нормадан аз болуы мүмкін, – деп атап өтті ол.

Мердігерлердің айтуынша, жұмыстың кешігуіне себептердің бірі – қаржыландырудың жеткіліксіздігі, бірақ құрылыс басқармасының мәліметінше, осы аптада қаражат бөлінуі тиіс. Депутаттар орындалып жатқан жұмыстардың қауіпсіздігі мен сапасы назардан тыс қалмауы маңызды екенін баса айтты. Сондықтан олар бұл мәселе фракция отырысында көтеріліп, іс партиялық бақылау комиссиясына жіберілетінін атап өтті.