Ақсуда прокурорлар бағалы шаяндардың заңсыз айналымын тоқтатты
Астыртын өңдіріс цехі дала аймағында орналасқан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық прокуратура баспасөз орталығының мәліметінше, адамдар тобы рұқсат құжаттарынсыз «Artemia salina» шаян тәрізделірді тазалаумен айналысқан.
– Балық ресурстарын заңсыз өндіру фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 335-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Мөлшері 25 тоннадан асатын 500 қап өнім тәркіленіп, тиісті сараптамалар тағайындалды, – деді прокуратурада.
Ведомствода табиғи ресурстарды заңсыз өндірудің алдын алу бойынша жұмыстар жалғасып жатқанын айтып өтті.