Павлодарда көлік жуу орнында өрт шықты

Павлодарда көлік жуу орнында өрт шықты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бекмаханов көшесі мекенжайында көлік жуу аумағында өрт шықты, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жылытқыш жанып, көлемі 50 литр үш газ баллоны лаулап жанған. 

Оқиға орнына дереу өрт сөндірушілер, құтқарушылар және ҚР ТЖМ апаттық медицина орталығының бригадасы келді.

Өрт сөндірушілер жалынды тоқтатып, газ баллондарын шығарған. Өрт сөндіру бөлімшелерінің үйлесімді іс-қимылдарының нәтижесінде 10 шаршы метр алаңдағы өрт толығымен сөндірілді. 

Зардап шеккендер жоқ.