Тікұшақ Павлодарға ауыр науқасты шұғыл жеткізді

Ақтоғай ауданынан қалаға шұғыл медициналық рейсті «Қазавиақұтқару» тікұшағы орындады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 1959 жылы туған зейнеткерге «өкпе артериясының тромбоэмболиясы» диагнозы қойылған. Ол арнайы медициналық көмек алу үшін жедел түрде ауданнан қалаға жеткізілді.
Ұшу кезінде науқастың жағдайы дәрігерлердің тұрақты бақылауында болды және ол Павлодардағы медицина қызметкерлеріне тапсырылғанша үздіксіз қадағаланды.
Науқасты жеткізу операциясын тәжірибелі экипаж мүшелері – Керім Саукинбек, Азамат Әсілхан және Дәурен Шахабаев орындады. Команданың үйлесімді жұмысының арқасында ер адам тез әрі қауіпсіз жеткізілді.