Ақсуда су өшіріледі
Қалаға жақын арада қайта су беру жоспарланып отыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Ақсу су арнасы» КМК мәліметінше, 2023 жылы 26 ақпанда сағат 10.35-да «Южная» қосалқы станциясы тарапынан кернеуге байланысты қорғаныс іске қосылған.
Салдарынан су тазарту құрылыстары цехының авариялық ажырауы орын алған.
Компанияда қала тұрғындарынан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.