Бір жыл байланыссыз: Павлодар ауданында жаңа антенна-мачталық құрылғы салынады

Оған үш оператор қосылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Асайын Байхановтың тапсырмасы бойынша облыстық цифрлық технологиялар басқармасы басшысының және ұялы операторлар өкілдерінің қатысуымен Павлодар ауданында ұялы байланыс және мобильді интернет сапасын жақсарту мәселелері бойынша көшпелі кеңес өткізілді.
– Алдын ала ауылдық округтердің әкімдері ауданның барлық 38 елді мекенінде интернет жылдамдығына өлшеулер жүргізді, олардың нәтижелері тиісті шаралар қабылдау үшін ұялы байланыс операторларына жеткізілді, – деді аудан әкімі Дидар Ибраев.
Набережное және Жаңақала ауылдары бойынша-аудандық бюджет есебінен Beeline, Kcell, Tele2 операторларының жабдықтары орнатыластын жаңа антенна-мачталық құрылғыны салу туралы шешім қабылданды.
Облыстық цифрлық технологиялар басқармасы басшысы Ағыбай Әміриннің сөзінше, антенна-мачталық құрылғының бағасы әртүрлі болады. Ол оның биіктігі мен сипаттамаларына байланысты өседі. Мысалы, діңгектің биіктігі 22 метр болса, оның бағасы минималды түрде 3,5 миллион теңгені құрайды.
Екі аптадан кейінгі жиында қандай құрылғы, оны нақты қай жерде орнату керектігі және қанша қаражат бөліну қажеттілігі талқыланады.
Еске сала кетейік, Павлодар ауданының тұрғыны облыс әкіміне ұялы байланыстың жоқтығына шағымданды. Григорьев ауылдық округінде бір жылдан астам уақыттан бері байланыс жоқ болған.