Павлодарда үздік тәлімгерлерді анықтады

Павлодарда үздік тәлімгерлерді анықтады

Облыстық байқауда 14 тәлімгер жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды  Pavlodarnews.kz.тілшісі.

Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, «Жыл тәлімгері - 2023» облыстық байқауының финалы М.Катаев атындағы оқушылар сарайында өтті. Онда аға тәлімгерлер, аудандық және қалалық кезеңдердің жеңімпаздары өз шеберліктерін көрсетті. Қатысушылар екі номинацияға бөлінді - «Үздік жас тәлімгер» және «Баға жетпес тәжірибе».

– Конкурстың шарттары бойынша тәлімгерлер қоғамдық бірлестіктің жұмысына қосқан үлесі, технологиялар мен әдістемелерді, жұмыста инновациялық әдістер мен тәсілдерді  қолдана білуі, ұйымдастырушылық, креативті, коммуникативтік қабілеттері үшін бағаланды, – деді бөлімде.

Финалда қатысушылар  авторлық поэтикалық шығармаларын ұсынды, қатысушылар «Мен тәлімгермін - бұл керемет!» атты тақырыпта  театрлық қойылым, флэшмоб, тимбилдинг арқылы өз өнерлерін  көрсетті. Вокалдық және хореографиялық қабілеттерін, авторлық поэтикалық шығармаларын ұсынды.

«Үздік жас тәлімгер» номинациясы бойынша ІІІ орынға Павлодар қаласы Ә. Бөкейхан атындағы мектеп-лицейінің тәлімгері Инара Искакова иеленді.