Павлодарда кісі өлтірді деп күдіктелген шетелдік азамат ұсталды
Ол Өзбекстаннан қашып келген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыс орталығында ІІМ және Павлодар экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментінің жедел қызметкерлері кісі өлтірді деп күдіктелген шетелдік азаматты ұстады.
– Өзбекстанда шетелдіктің ауыр қылмыс жасағаны анықталды. Бірақ ол елде сот төрелігінен қашып, Қазақстанға келген. Күдікті Өзбекстан Республикасына одан әрі экстрадицияланды, – деді облыстық полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Дәулет Макин.
Күдікті Павлодар қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.