Павлодарлық оркестр әлемге танымал фильм мен анименің әндерін орындайды

Павлодарлық оркестр әлемге танымал фильм мен анименің әндерін орындайды
Фото: pexels.com

Жаңа маусымда оркестр «Сinema &Anime soundtrack» тақырыбындағы ерекше бағдарламасын ұсынады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

И.Байзақов атындағы облыстық филармониясының концерттік залында ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, дирижер Талғат Кәрімовтің жетекшілігіндегі Рүстембек Омаров атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің концерті өтеді.                                                     

Оркестр «Сinema &Anime soundtrack» концертінде  «Такси», «Караван», «Мстители»,«Одержимость»,«Розовая пантера», «Невероятные приключения ДжоДжо», «Клинок, рассекающий демонов», «Зейницу против паука», «Наруто» сияқты басқа да фильмдердің саундтректерін жанды дыбыста көрермен назарына ұсынбақ. 

– Өнер сүйер қауымды жаңа оркестрлік аранжировкалар, әсерлі, мерекелік көңіл-күй атмосферасы күтеді. Концертке келетін көрермендер көңіл сергітіп, «Сinema & Anime» сиқырлы әлемінен сыр шертуге тамаша мүмкіндік ала алады,– деді филармонияда. 

Концерт 8 желтоқсанда кешкі сағат 19:00-де  облыстық филармониясының концерттік залында өтеді.