Құстар қайтып барады: Павлодарлықтарды дәстүрлі ән кешіне шақырады

Құстар қайтып барады: Павлодарлықтарды дәстүрлі ән кешіне шақырады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Орындаушылар жанды дауыспен ән салады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. 

6 маусымда сағат 17:00-де Жастар бастамаларын дамыту орталығында «Құстар қайтып барады» атты дәстүрлі ән кеші өтеді. 

–Шарада дәстүрлі музыканың әсемдігі мен сұлулығына бөлене аласыз. Дәстүрлі музыка – біздің мұрамыздың байлығы мен тереңдігін көрсететін ұлттық мәдениеттің айнасы. Дыбыстарынан тарихты естиміз, уақыт рухын және әр әуенге тоқылған эмоцияларды сезінеміз, – деді орталықта.

Келем деушілерді кофе-брейк күтеді. Павлодарлықтар пікірлес адамдармен қарым-қатынас құрып, кеш туралы әсерлерімен бөлісе алады.