Павлодарлықтар ұлттық киімде дефиле өткізеді

Павлодарлықтар ұлттық киімде дефиле өткізеді
Фото: Ольга Бугаева

Ұлыстың ұлы күнін мерекелеу аясында байқау ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қала тұрғындары бес номинациядан тұратын «Ең әдемі киім – ұлттық киім» атты байқауға қатыса алады.Қатысушылардың жасына шектеу қойылмайды.

Байқауға қатысу үшін өтінімді 17 наурызға дейін және ұлттық киімдегі фотосуреттерді pavl_muzei@mail.kz электронды поштасына жіберу қажет.

Фотосуретте қатысушылар толық ұлттық киім үлгісінде болуы тиіс, маусымдық ерекшеліктер ескеріліп, дәстүрлі бас киім мен аяқ киім қамтылуы қажет. Киімнің барлық элементтері анық көрінуі керек.

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі: «Үздік отбасылық ұлттық киімі», «Үздік ұлттық ер киімі», «Үздік ұлттық әйел киімі», «Үздік ұлттық бала киімі», «Көрермендер көзайымы».

«Үздік отбасылық ұлттық киім» номинациясына жанұялар балаларымен, ата-әжелері бірге қатыса алады.

Байқау үш кезеңнен тұрады. Қатысушылар өздерінің ұлттық киімдерін дефиледе көрсетіп, киімнің толық бейнесін, ерекшеліктерін және дизайнын ұсынады. Әр қатысушы өз киімі туралы баяндап, оның мәдени маңызын, тарихын, тігу техникасын және қолданылған материалдарын сипаттайды. «Наурыз мейрамы» тақырыбына арналған шығармашылық нөмір кезеңінде қатысушылар өздерінің креативтілігі мен өнер көрсету қабілеттерін көрсете алады (би, вокал, театрландырылған қойылым, көркем өнерлік өнер көрсету немесе басқа да жанрлар).

Қазылар алқасы қатысушыларды ұлттық дәстүр мен мәдениетке сәйкестігі, орындау сапасы, шығармашылық көзқарас және өзіндік ерекшелік, экологиялық таза және дәстүрлі материалдарды қолдану, киімнің эстетикалық тартымдылығы және функционалдығы  бойынша.

Байқау 19 наурызда сағат 11:00-де Ертіс музейінде өтеді. Жеңімпаздарға ақшалай сертификаттар беріледі. Қосымша ақпаратты 8 (702) 460-91-11, 8 (707) 322-36-37 телефондары арқылы білуге болады.