Баянауыл ауданында заңсыз от жаққандар айыппұл арқалады

Баянауыл ауданында заңсыз от жаққандар айыппұл арқалады
Фото: pixabay.com / LUM3N

Тәртіп бұзушылар Абай облысының тұрғындары болып шықты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директоры Аждар Сағынтайұлының мәліметінше, заңсыз от жағу фактісі тікұшақпен патрульдеу кезінде Жасыбай көліндегі «махаббат аралының» маңында анықталды.

Оқиға орнына Жасыбай бөлімшесінің мемлекеттік инспекторлары шұғыл түрде қайықпен жіберілді. Келгеннен кейін тәртіп бұзушылар ашық от үстінде түскі ас әзірлеп жатқан Абай ауданының тұрғындары екені анықталды, – делінген хабарламада.

Мемлекеттік инспекторлар ормандағы өрт қауіпсіздігі талаптарын және санитарлық ережелерді бұзғандарға 100 АЕК (369 мың 200 теңге) мөлшерінде айыппұл тағып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырды.