Мәйітті сүйреген: Павлодарда полицейлер кісі өлтірген адамды ізін суытпай ұстады

Мәйітті сүйреген: Павлодарда полицейлер кісі өлтірген адамды ізін суытпай ұстады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қылмыстың жантүршігерлік видеосы әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдіктілердің жеке басы анықталды.

– Олардың бірін ізін суытпай ұсталды, ал екінші күдіктіні ұстау бойынша жедел іздестіру іс-шаралары кешені жүргізілуде, – деді департаментте. 

Қылмыс тұрмыстық сипатта болғаны және алкогольдік ішімдіктерді бірге ішу барысында туындаған жанжал негізінде жасалғаны анықталған. Болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау үшін тергеу жүргізілуде.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде тараған бейненің кадрларында екі адам мәйітті баспалдақтан сүйреп, төмен түсіріп жатқаны айқын көрінеді.