Екібастұзда полицейлер пәтерде болған өртті сөндірді
Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 30 сәуірде сағат 20.33-те Екібастұз қаласының полициясына Сәтбаев көшесі, 22 мекенжайындағы пәтерден өрт шыққан туралы хабарлама түскен.
Шақыру барлық автопатрульдерге жіберілген соң патрульдеуді жүзеге асырып жүрген патрульдік полиция ротасының командирі Фаруз Күсембеков және взвод командирі Кенжебек Әлібаев дереу оқиға орнына бет алған.
– Өрт болған жерге жеткен кезде от сырттан бір бөлмені шарпығанын көрдік. Сол жерге біздің қызметкерлер де келді. Пәтерде біреудің бар-жоғын білмедік, алайда ойланатын уақыт болмады. Дереу басқа бөлменің терезесін сыртынан сындырып, ішке кірдік. Үйдің ішінде біреудің бар-жоғын тексеріп, өрт ошағын оқшауладық. Абырой болғанда, пәтерде ешкім болған жоқ және ешкім зардап шекпеді. Өз күштерімізбен өрттің басқа пәтерлерге таралуына тосқауыл қойдық, – деді Екібастұз қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция ротасының командирі Фаруз Күсембеков.
Тәртіп сақшыларының нақты және үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт сөндірушілер келгенге дейін оқшауланды. Бұл пәтерде иелері жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқандықтан уақытша ешкім тұрмаған.
Өрттің шығу себебі анықталуда.
Посмотреть эту публикацию в Instagram