Баянауылда мотоциклші мен оның жолаушысы жол апатына түсіп, қайтыс болды
Екінші көліктің жүргізушісі қамауға алынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 мамырда Баянауыл ауылында, Сәтбаев көшесі бойында ВАЗ 2114 автокөлігінің жүргізушісі қарама-қарсы келе жатқан Хаммер 250 мотоциклімен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан мотоцикл жүргізушісі мен оның жолаушысы оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды. ЖКО фактісі бойынша тергеу жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. ВАЗ 2114 автокөлігінің жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Көлік құралдары айып тұрағына қойылды.
Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, медициналық бригада оқиға орнына екі минутта жеткен. Дәрігерлер 1972 және 1975 жылы туған ер адамдардың өлімін тіркеді.