Павлодарда коммуналдық қызметтер көлігі отқа оранды

Павлодарда коммуналдық қызметтер көлігі отқа оранды
Фото: облыстық ТЖД ұсынды

Жанып кеткен жүк көліктен 50 литр оттегі баллоны шығарылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz

Облыстық ТЖД мәліметінше, таңғы сағат 09:44-те Олжабай батыр көшесі бойынша көлік жанғаны туралы ақпарат түскен. Оқиға орнына бір техника жұмылдырылып, өртті сөндіру үшін алты қызметкер шықты. 

– Ашық алаңда алты шаршы метр аумақта ГАЗ-63 маркалы жүк көлігі жанған. Өрт сөндірушілер 50 литр оттегі баллонын шығарды. Жарылыс болған жоқ, – деді департаментте.

Өрт 09:59-те сөндірілді. Жүк көлік коммуналдық қызметтер ұйымына тиесілі. Себебі мен келтірілген залал көлемі анықталуда.